«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Научный кентінің балалар музыка мектебі» МКҚК
ГККП  "Детская музыкальная школа поселка Научный  при отделе образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

    

2026–2027 оқу жылындағы бөлімдер 15.09.2026 Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы «Научный кентінің балалар музыка мектебі» МКҚК-да 2026–2027 оқу жылының басында 6 бөлім бойынша – фортепиано, қазақ халық аспаптары, орыс халық аспаптары, эстрадалық вокал, синтезатор және скрипка сыныбында 125 оқушы білім алуда....

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Жыл қорытындысы

"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Научный кентінің Балалар музыка мектебі" МКҚК – да 6 бөлімде 125 оқушы оқиды-бұл фортепиано, қазақ , орыс халық аспаптар, эстрадалық вокал, синтезатор  , скрипка сыныбы.
Биылғы оқу жылында оқушылар саны -10% - ға өсті. Оқыту 3 филиалда 2 тілде жүргізіледі : Шортанды кенті, Жолымбет кенті, Раевка ауылы.
Мектепте 12 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімі бар-8,
орта арнайы білімі бар-4. Жоғары санатты -1,бірінші санатты -1,санатсыз -4, педагог зерттеуші -1, педагог сарапшы-3, педагог модератор-2.
Биыл фортепиано сыныбы бойынша Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі педагог болып қабылданды.
Музыка мектебінің өз ғимараты бар. Биыл жылыту жүйесіне күрделі жөндеу жүргізілді. Облыстық бюджеттен рояль сатып алуға ақша бөлінді.ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес педагог қызметкерлердің жалақысы -25% - ға , техникалық персоналдың жалақысы -23% - ға ұлғайтылды.
Осы оқу жылында біздің мектеп оқушыларының түрлі байқауларда жетістіктері аз болған жоқ. Оның ішінде Көкшетау қаласында өткен облыстық "Жас дарын" байқауында 2 лауреат. Барлық оқытушылардың  жұмыс тәжірибесі мол және облыстық, республикалық және халықаралық конкурстардан  жақсы нәтижелер әкелді. Оқытушы Андреева Елена Владимировна , Пеньковский Евгений Анатольевич, Кенжеғалиева Алмагүл Мақыбайқызының окушылары түрлі байқауларда Гран-при мен  жүлделі орындарға иеленді . Облыстық конкурстарда БММ жүлделі орындарының жалпы саны -2. Республикалық конкурстарда -17. Халықаралық конкурстар-7


Текст